Аудандық мәслихаттың бюджет және аудан экономикасын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

Аудандық мәслихаттың бюджет және аудан экономикасын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

Ағымдағы жылдың 1 қазанында Е. Б. Алмағанбетованың төрайымдылығымен  аудандық мәслихаттың бюджет және аудан экономикасын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану кезінде ставка мөлшерін төмендету туралы отырыс күн тәртібінің негізгі мәселесі болды.

      Отырыс жұмысына: аудандық мәслихат төрағасы, депутаттар, аудан әкімінің орынбасарлары, Қоғамдық кеңес төрайымы, Мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының Ұзынкөл ауданындағы филиалының директоры және аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты. 

      Бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану кезінде ставканың мөлшерін төмендету мәселесі бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы А. Ж. Амрин, аудан әкімінің орынбасары Т.С. Болатов, Кәсіпкерлер палатасының Ұзынкөл ауданындағы филиал директоры Е.Е. Кощугулов, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы                                       Ю. А. Заскалько сөз сөйледі.

     Талқылау барысында атқарушы органдар тарапынан негізгі дәлелдер және бөлшек салық ставкасының өзгеруінің ықтимал салдары айтылды. 

    Депутаттардың барлық сұрақтарына тиісті түсініктемелер алынды.