Ағымдағы жылдың 4 тамызында аудандық мәслихат төрағасы Н.С. Болатовтың төрағалығымен Ұзынкөл аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті. Сессияда барлығы 6 мәселе қаралды. Сессия жұмысына Ұзынкөл ауданының әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, Қоғамдық кеңестің төрайымы, Мемлекеттік мекемелердің басшылары, ауыл, ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.
«Әкімдердің мәслихаттар алдында есептерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы №19 Жарлығына сәйкес аудан әкімі М.К. Жұрқабаев депутаттар алдында өзіне жүктелген қызметтері мен міндеттердің орындалуы туралы есеп берді.
Аудан әкімі өз сөзінде ағымдағы жылдың есепті кезеңінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне тоқталып, негізгі бағыттар бойынша оң динамиканы атап өтті, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жұмыстың басым бағыттарын белгіледі.
Сессияның негізгі баяндамасында аудан экономикасын дамыту және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы сөз сөйледі.
Барлық сұрақтарға тиісті түсініктемелер берілді.
Отырыс барысында 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджетті нақтылау және аудан әкімдігі жанындағы комиссиялардың дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.
Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.