Ұзынкөл аудандық мәслихатының төрағасы Н. С. Болатов аудандық мәслихат депутаттарымен бірлесіп "Ұзынкөл ауданының білім бөлімі" ММ объектісінің ағымдағы жөндеу барысына, сондай-ақ 18 пәтерлі тұрғын үй құрылысына мониторинг жүргізді. Мониторинг "AMANAT"партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылды. Мониторинг барысында жүргізілетін жұмыстардың мерзімдері мен сапасы, сондай-ақ жобалық талаптардың сақталуы қаралды.