Бүгін, ағымдағы жылдың 23 маусымында аудандық мәслихат төрағасы Н. С. Болатовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессия жұмысына экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А. В. Лагушина және аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.
2025-2027 жылдарға арналған ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттерін нақтылау туралы негізгі мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының баяндамасы тыңдалды. Ауылдар мен ауылдық округтер бюджеттерін нақтылаудың негізгі себебі (4-деңгей) ағымдағы жылдың басында пайда болған бос қалдықты бөлу және жоспарланған шығыстарды қайта бөлу болып табылады.
Отырыс барысында шығып қалғанның орнына учаскелік сайлау комиссиясының мүшесін сайлау және жер комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер де қаралды.
Сессия қорытындысы бойынша депутаттар ұсынылған барлық жобаларды қолдады.