Ағымдағы жылдың 27 мамырында аудандық мәслихаттың төрағасы Н.С. Болатовтың төрағалығымен депутаттар, «Ұзынкөл ауданының Мансап орталығы» филиалының директоры Э.Б. Алмаганбетованың және аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлерінің қатысуымен «депутаттық сағат» өтті.
Ұзынкөл ауданының тұрғындарын жұмыспен қамту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы «Депутаттық сағат» талқылауының негізгі тақырыбы болды.
Талқылау барысында «Ұзынкөл ауданының Мансап орталығы» филиалының директоры тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту және аудандағы жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етіп, депутаттардың сұрақтарына жауап берді.