Аудандық мәслихаттың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 27 мамырда Э.Б.Алмаганбетованың төрайымдылығымен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтіп «Ұзынкөл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ 2024 жылға арналған салық алымдарының және аудандық бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы» , «Ұзынкөл ауданындағы криминогендік жағдайдың жай - күйі мен даму тенденциясы туралы, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» мәселелері қаралды.
Отырыс жұмысына аудандық мәслихаттың төрағасы Н.С. Болатов, Ұзынкөл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, М.Қ. Бекпасов, полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы А. Х. Мукенов, Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Н.А. Шамарова және аудандық мәслихаттың жауапты қызметкерлері қатысты.
Аталған мәселелер бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы М. К. Бекпасовтың, полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы А. Х. Мукеновтың ақпараттары тыңдалды.
Комиссия төрайымдары қатысушыларды осы мәселелерді зерделеу бойынша қорытындымен таныстырды. Барлық қойылған сұрақтарға депутаттар толық жауап алды.
Отырыс қорытындысы бойынша тұрақты комиссиялардың тиісті қаулылары қабылданды.