Ағымдағы жылдың 21 мамырында ұйымдастыру бөлімінің басшысы И. А. Несина Президенттік жастар кадр резерві мәселелері бойынша "Ұзынкөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ ұжымымен түсіндірме әңгіме өткізді. 1 маусымда президенттік Жастар кадрлық резервіне төртінші іріктеу басталады.
Төртінші іріктеудің ерекшелігі әр бағыт бойынша кандидаттардың біркелкі санын қамтамасыз ету мақсатында әр кезеңде пропорционалды іріктеу жүргізу болып табылады. Яғни, резервтің әрбір салалық бағыты бойынша квоталар көзделетін болады және іріктеу тек тиісті салалық бағыт бойынша жүргізілетін болады.
Кандидаттарға қойылатын жалпы талаптар бұрын жүргізілген іріктеумен бірдей болады, яғни кандидаттардың 35 жастан аспауы, жоғары білімі, кемінде бес жыл жұмыс өтілі және қазақ тілін В1 деңгейінен төмен емес меңгеруі туралы талаптар сақталатын болады.