Ағымдағы жылдың 24 ақпанында Успен ауданы мәслихат аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Д.А. Байханова аппараттың мемлекеттік қызметшілерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесудің басты мақсаттары:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын түсіндіру;
- Мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру;
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу.
Талқыланған негізгі мәселелер:
- Заңнамалық негіз:«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының қоғамдық қатынастарды реттеудегі және мемлекеттік саясатты іске асырудағы рөлі.
- Жауапкершілік түрлері:
- Сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін — ҚР Қылмыстық кодексі бойынша жауаптылық.
- Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін — ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша жаза.
- Шектеулер мен міндеттер:Мемлекеттiк функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет түрлері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау және құқық бұзушылықтар туралы дер кезінде хабарлау тәртібі.
Осындай шаралар мемлекеттік аппараттың ашықтығын қамтамасыз етуге және қызметшілердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған.