
Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында аудандық мәслихат төрағасы Ж.Р. Бараисов, «АМАNАТ» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы А.Е. Жұматанова, Қоғамдық кеңес мүшелері А.В. Ви және С.С. Мукушев, Қоғамдық кеңес хатшысы Л.А. Зеленовадан құралған мониторингтік топ Успен ауылындағы дәріханаларға барды.
Осы іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің дәрілік заттардың бағасын бақылау туралы хаты негізінде жүзеге асырылды. Айта кету керек, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халық үшін дәрілік заттардың экономикалық қолжетімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізуде.
Ауданда мемлекеттік дәріханалар жоқ. Аудан орталығындағы 2 дәріхананың иесі «Ержанова З.Т.» ЖК болып табылады. Қоғамдық бақылау нәтижесінде дәрілік заттар мен препараттардың бағасы жеткізуші компаниялардың сатып алу бағасынан 30%-дық үстемеден аспайтыны анықталды. Фармацевттердің айтуынша, негізінен дәрі-дәрмек бағасының 15-25%-ға дейін көтерілуіне жол беріледі. Дәрілік заттардың қоры тұрақты түрде толықтырылып отырады. Бірінші кезекте қажетті дәрі-дәрмектер әрдайым бар.
Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады.