Успен аудандық мәслихатының «2026 жылға арналған Успен ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің жобасы БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ

Успен аудандық мәслихатының «2026 жылға арналған Успен ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің жобасы БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ

Успен аудандық мәслихатының «2026 жылға арналған Успен ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің жобасы

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ

 

2025 жылы 30 қазан 

 

«Успен ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Успен аудандық мәслихатының «2026 жылға арналған Успен ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің жобасы әзірленді (бұдан әрі- шешім жобасы).

Шешім жобасы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес әзірленді.

Аталған шешімді жобасын қабылдаудың мақсаты Успен ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшерін 2026 жылы алынған (алынуға жататын) кірістер (шығыстарды есепке алмағанда) бойынша 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға төмендету.

Бұл шешім қосымша қаржыландыруды көздемейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешімнің жобасы мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында 2025 жылы 30 қазанда орналастырылған.