Успен аудандық мәслихатының «Успен ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
2025 жылғы 5 қыркүйек
«Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Успен аудандық мәслихатының «Успен ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің жобасын (бұдан әрі – шешім жобасы) әзірледі.
Аталған шешім жобасын қабылдаудың мақсаты 2025 жылға арналған Успен ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекіту болып табылады.
Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы 2025 жылғы 5 қыркүйекте мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырылды.