Успен ауданының Қоғамдық кеңесі аудандық қоғамдық кеңестің шығып қалған бір мүшесінің орнына оның өкілеттіктерінің қалған мерзіміне конкурс хабарлайды

Успен ауданының Қоғамдық кеңесі аудандық қоғамдық кеңестің шығып қалған бір мүшесінің орнына оның өкілеттіктерінің қалған мерзіміне конкурс хабарлайды

ХАБАРЛАМА

Успен ауданының Қоғамдық кеңесі аудандық қоғамдық кеңестің шығып қалған бір мүшесінің орнына оның өкілеттіктерінің қалған мерзіміне конкурс хабарлайды.

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының              9-бабына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін.

Ұсыныстар осы хабарландыру жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде қоғамдық кеңеске Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестері туралы» Заңының 10-бабына сәйкес келесі құжаттарды ұсынумен жазбаша нысанда беріледі:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар

  1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде қалыптастырылған жағдайда – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

1) сотталғандығы болмауы;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

Ұсыныстарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін usp_maslixat@mail.ru электрондық мекенжайына немесе Успен ауылы, Қазыбек би көшесі, 71, 17 кабинетке ұсыну керек, анықтамалар үшін телефон 91-360