Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы
ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабына (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) сәйкес Павлодар облысының Успен аудандық мәслихаты округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы хабарлайды:
№ р/с |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының мекенжайы (пошталық мекенжайы, сайлау комиссиясы орналасқан ғимарат)
|
Сайлау учаскесіндегі бос орын саны |
1 |
2 |
3 |
4 |
Округтік сайлау комиссиялары |
|||
1. |
№ 2 |
141006, Қозыкеткен, Победа көшесі, 23, жалпы орта білім беру мектебінің ғимараты |
1 |
2. |
№ 4 |
141000, Успен ауылы, Терешкова көшесі, 3, 1-пәтер, Успен жер кадастрын тіркеу бөлімінің ғимараты |
1 |
3. |
№ 7 |
141011, Ольгин ауылы, Энгельс көшесі, 1, мәдениет үйінің ғимараты |
1 |
Учаскелік сайлау комиссиялары |
|||
4. |
№ 412 |
141002, Қаратай ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі, 1, «Қаратай жалпы орта білім беру мектебі» КММ |
1 |
5. |
№ 431 |
141004, Новопокров ауылы, Советов көшесі, 13б, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты |
1 |
Итого: |
5 |
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясына бір кандидатураны ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссияларынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2025 жылдың 29 шілдесінен бастап 2025 жылдың 12 тамызға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) сайлау комиссиясының құрамына белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз түрінде кандидатуралар туралы мәліметтер;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) шешімі, жоғарғы тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелгені туралы құжат көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы тиісті мәслихатқа жіберілген белгіленген нысандағы өтініш.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихаттың сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uspenka?lang=ru) орналастырылған.
Сайлау комиссияларының құрамына ұсынылған тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiктің аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз түрінде ұсынылған барлық құжаттарда қол қойылып, мөрмен куәландырылып, орындау күні, тегі, инициалдары және оның телефон нөмірі көрсетілуімен орындаушы туралы белгі қамтылуы керек.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2025 жылдың 29 шілдесінен бастап 2025 жылдың 12 тамызға дейін дүйсенбі – жұма күндері сағат 09:00-ден сағат 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден сағат 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.
Успен аудандық мәслихаты:
Успен аудандық мәслихат төрағасы: Бараисов Жасталап Райымбекұлы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Успен ауылы, Қазыбек би көшесі, 71.
Жауапты тұлға – Байханова Динара Әсемғазықызы, каб. № 17, қалааралық телефонкоды (871834), қызметтік телефон нөмірі 91360, ұялы телефон 87053841489, факс нөмірі 92466, электрондық мекенжай: usp_maslixat@mail.ru.
Успен аудандық мәслихаты