Құрметті оралдықтар және қала қонақтары!
Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – батырлық пен ерліктің, табандылық пен рухтың мәңгілік символына айналған ерекше күн. Біз үшін бұл мереке – тек өткенді еске алу емес, сонымен қатар бүгінгі бейбіт өміріміздің құндылығын сезінуге мүмкіндік беретін қасиетті күн.
Құрметті соғыс және тыл ардагерлері! Сіздердің Отан алдындағы ерен еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғыс білдіреміз! Сіздердің ерліктеріңіз – біздің жастарымыз үшін өнеге, болашаққа бағыт берер шамшырақ.
Баршаңызға зор денсаулық, амандық, отбасыларыңызға тыныштық пен бақ-береке тілеймін! Елімізде мәңгі бейбітшілік пен тұрақтылық орнасын!
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы құтты болсын!
Құрметпен, Орал қалалық мәслихатының төрағасы Е.Қалиев