Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

Құрметті оралдықтар және қала қонақтары!

Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

1Мамыр мерекесі – бейбітшілік пен келісімді, халықтар достығын, ел ішіндегі ынтымақ пен бірлікті дәріптейтін ерекше күн. Бүгінде Қазақстан – жүзден астам этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан ел. Бұл – халқымыздың парасаттылығы мен бірлігінің, берекелі тіршілігінің нақты дәлелі.

Орал қаласы да әртүрлі ұлт өкілдерінің ортақ үйіне айналған. Қаламыздың дамуы мен өркендеуіне үлес қосып жүрген әрбір тұрғынның еңбегі құрметке лайық. Біз қоғамдық келісім мен бірлікті сақтау арқылы жарқын болашаққа нық қадам басамыз.

Осы мерекелі күні Сіздерге зор денсаулық, амандық, отбасыларыңызға бақ-береке, елімізге тыныштық пен гүлдену тілеймін! Бірлігіміз бекем, болашағымыз баянды болсын!