Орал қалалық мәслихатының 19-шы кезекті сессиясы келесі күн тәртібімен өтті:
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай қоғамда ұлтаралық келісімді нығайтуға, көпұлтты Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттауға елеулі үлес қосқан Орал қаласының 4 тұрғынына көпшілік дауыспен "Орал қаласының Құрметті азаматы"атағы берілді.
Олар: Әмірханян Аветик Рубенұлы, Бердіғалиев Хатимолла Жәңгірұлы, Мамедов Наджаф мырзага-оглы және Михно Валентина Павловна.