Құрметті Орал қаласының тұрғындары! Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті Орал қаласының тұрғындары!  Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті Орал қаласының тұрғындары!

                Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!   Қазақ халқының ежелден келе жатқан мейрамы Наурыз  - көктем мезгілінің жетіп, күн мен түннің теңеліп, табиғат-ананың  оянатын уақытымен тұспа-тұс келеді.

         Тарихи тамырын тереңнен тартқан Наурыз мейрамы қай заманда да еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің мерекесі. Жер-жаһанның жаңаруы көктем мерекесімен тұспа-тұс келеді. Жаңа тіршілік басталып, барлық жерде және табиғат қайта гүлдейді. Наурыз мейрамымен бірге жаңа дүниелер, сергектік, қуаныш сезімі келеді. Көктем мерекесі қытымыр қыстың суығынан қажыған жанды нәзік бояулармен жұмсартады, жүректерге махаббат пен қуаныш ұялатады.

         Наурызда үйіңізден нұр кетпесін, терезеңізді бақыт қағып, көктегі күн көктемнің басталуын хабарласа екен деп тілеймін. Жүрегіңіз бен жан-дүниеңізде жылылық өмір сүрсін. Барша қала тұрғындарына зор денсаулық, бастарыңызға амандық, береке-бірлік және барлық бастамаларыңызға табыс тілеймін!

Ізгі тілекпен,

Орал қалалық

мәслихатының төрағасы                                                          Е.Ғ.Қалиев