Орал қалалық мәслихатының 19-ші кезекті сессиясын шақыру туралы

Орал қалалық мәслихатының 19-ші кезекті сессиясын  шақыру туралы

Орал қалалық мәслихаты төрағасының

шешімі

  

Орал қаласы                                 №19              2025  жылғы   13 наурыз

  

Орал қалалық мәслихатының

19-кезекті сессиясын

шақыру туралы

  

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 және 19-ші баптарына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

         Орал қалалық мәслихатының 19-шы кезекті сессиясы қалалық әкімдіктің үлкен залында 2025 жылғы 28 наурыз күні сағат 11.00-де келесі күн тәртібімен шақырылсын:

  1. Жастарды жұмыспен қамту: қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына оқу орындарының түлектерін қабылдау.Техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру туралы.
  2. Орал қаласының, кенттер мен ауылдық округтің 2025 жылға   арналған бюджеттерін нақтылау туралы.
  1. Басқа сұрақтар.

 

         Орал қалалық

         мәслихатының төрағасы                                         Е.Калиев