Орал қалалық мәслихатының нормативтік-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. «Орал қаласының бірқатар көшелеріне жол белгілерін орнату туралы» мәселесі талқыланды. Отырысқа Молдашев Берік Хамидоллаұлы - Орал қалалық полиция бөлімшесінің басшысы, Бекмұханов Альберт Владимирович - қалалық ТКШ бөлімінің автомобиль жолдары секторының меңгерушісі қатысты. Отырыс барысында Орал қаласыныі бірқатар жол белгілері және бағдаршамдар мәселелері қаралды. Ұсыныстар жергілікті атқарушы органдарға жіберілетін болады.