Орал қаласы әкімдігінің үлкен залында Б.А.Атауовтың төрағалығымен қалалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырыста Орал қаласында шомылу маусымы кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы және Орал қаласының мәдениет және демалыс саябақты дамытудың перспективалық жоспары туралы мәселелері қаралды. Аталған сұрақтар бойынша Орал қаласының төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау майоры- А.Х.Менешев, мәдениет және демалыс саябақтары мен скверлері дирекциясы МКК-нің директоры- Н.Ғ.Аюпов баяндама жасады. Қоғамдық кеңес мүшелері сұрақтарды талқылауға белсенді қатысып, өз сұрақтары бойынша жауаптарды алды.
Қалалық ТЖ басқармасының қызметкерлері және саябақ дирекциясы тарапынан қалалық саябақ аумағында коммуналдық жағажайда шомылу кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар күшейтілетін болады. Бұдан басқа, Қоғамдық кеңес мүшелері саябаққа кірме жолдарға, саябақтағы аллеялар мен тратуарларға күрделі жөндеу жүргізуге, жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізуге, саябақта бар шағын сәулет нысандарын жаңартуға және жөндеуге, жасыл желектерді суару жүйесімен қамтамасыз етуге және басқа да саябақты абаттандыруға қажетті жұмыстарға қала әкімінің атына қала бюджетінен қосымша қаражат бөлу қажеттілігі туралы ұсынымдар жолдайтын болады. Сондай-ақ, №2 қалалық автобустың қозғалыс бағытын Абай даңғылынан Исатай- Махамбет көшесіне (бұрынғы Шаған-Набережная көшесі) дейін өзгерту мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.