
17 тамыз күні Орал қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыста «Орал қаласының, кенттер мен ауылдық округтің 2026 жылға арналған бюджеттерін нақтылау туралы» сұрағы қаралды.
Бірлескен отырыс барысында Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А. Кадыров бюджеттің нақтыланған нұсқасын ұсынды. Депутаттар бюджет кіріс көздеріне, қоғамдық көлік және қаланың санитарлық тазалығына шығындарды қаржыландыруына назар аударды. Орал қалалық әкімдік бөлімінің басшылары мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері күн тәртібі бойынша халық өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.