
Орал қалалық мәслихатының кезектен тыс 25-ші сессиясы өтті. Сессияда депутаттар Орал қаласының әкімі мен қалалық мәслихат төрағасының 2025 жылдағы жұмысы туралы есептерді тыңдады.
Алдағы 3 жылға арналған Орал қаласының бюджеті кірістер мен шығыстар бойынша теңдестірілген және келесідей көлемде жоспарланып отыр:
- 2026 жыл – 146 млрд.теңге;
- 2027 жыл - 174 млрд.теңге;
- 2028 жыл – 158,5 млрд.теңге.
Сондай-ақ, сессияда депутаттар көпшілік дауыспен Орал қаласының аумағын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспарын бекітті.