Орал қалалық мәслихатының кезекті 24-ші сессиясы өтті.

Орал қалалық мәслихатының кезекті 24-ші сессиясы өтті.

Орал қалалық мәслихатының кезекті 24-ші сессиясы өтті.  Сессияда депутаттар Орал қаласының әкімі мен қалалық мәслихат төрағасының 2025 жылдағы жұмысы туралы есептерді тыңдады.

         Сонымен қатар, қалалық бюджетті нақтылау мәселесі қаралды. Нақтылануы жоспарланған Орал қаласының бюджеті кірістер мен шығыстар бойынша теңдестіріліп, 4,6 млрд.теңге сомасына ұлғайту жоспарлануда:

- өзіндік кірістер – 4,0 млрд.теңге;

- босатылған қаражаттар – 607 млн.теңге.

Сессияда депутаттар арнайы салық режимін оңайлатылған декларация негізінде қолданған кезде салық мөлшерлемесін 4 пайыздан 3 пайызға дейін төмендету туралы шешімді көпшілік дауыспен қабылдады.