Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық мәслихатының жаңадан құрылған сайлау учаскелерінің сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы, сондай-ақ Орал қаласының сайлау комиссияларының құрамынан шыққан мүшелердің орнына өзгерістер енгізу жөніндегі

ХАБАРЛАМАСЫ

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық мәслихаты Орал қаласында жаңадан құрылған сайлау учаскелерінің сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылар санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды:

         №38 учаскелік комиссиясы – 7 адам;

         №44 учаскелік комиссиясы – 7 адам;

         №248 учаскелік комиссиясы – 7 адам;

         №345 учаскелік комиссиясы – 7 адам;

         №251 учаскелік комиссиясы – 9 адам;

         №358 учаскелік комиссиясы – 5 адам.

         Орал қалалық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес сайлау комиссияларының құрамынан кейбір комиссия мүшелерінің шығып қалуына байланысты, Орал қаласының аумақтық сайлау комиссияларының құрамына (1 адам), Орал қаласының округтік сайлау комиссияларының құрамына (10 адам) және Орал қаласының учаскелік сайлау комиссияларының құрамына (119 адам) өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар қабылдау басталғанын хабарлайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялардан немесе басқа да қоғамдық бірлестіктерден комиссиялардың құрамына кандидатуралар туралы ұсыныстар хабарландыру шыққан күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.

Саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктер мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жүзеге асырылады. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы ұсыныстарды Орал қалалық мәслихаты мына мекенжай бойынша қабылдайды: Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 182/1, каб. 306, телефон: 8-7112-510444, электрондық пошта мекенжайы: zko_ugm@mail.ru

 

           Орал қалалық мәслихаты