
Орал қаласы
Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті
Отырыстың күн тәртібінде «Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне лауазымдық айлықақыларына 50 (елу) пайыз көлемінде ынталандырушы үстемақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау мәселесі, сондай-ақ Орал қаласының 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2025 жылға арналған негізгі болжамдық көрсеткіштер мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, басқа өңірге қоныс аударуына байланысты Үзілдік Елеубайқызының өтінішіне сәйкес, «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 15-бабы 1-тармағына сәйкес оның Қоғамдық кеңес мүшесі ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Осыған орай, аталған Заңның 9-бабына сәйкес, Қоғамдық кеңес мүшелерінің басым даусымен резервтік тізімде тұрған Туркина Айгүл Серікқызының кандидатурасы ұсынылып, Қоғамдық кеңес құрамына қабылдау туралы шешім қабылданды.