
Ағымдағы жылдың 30-қазанында Орал қалалық мәслихатының әлеуметтік және нормативтік-құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде «Орал қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру шараларын жүзеге асыру жөніндегі жұмысы туралы», «Қауіпсіз аула» жобасына ұқсас бейнебақылаудың модернизацияланған жүйесімен учаскелік полиция пункттерін қамтамасыз ету бойынша басқарманың жұмысы», «Орал қаласында жастар саясатын жүзеге асыру туралы» сұрақтар қаралды. Аталған мәселелер бойынша комиссия мүшелері балалар мен жасөспірімдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары бойынша, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және қаланың бейнебақылау камераларын орнатуда ескерілетін әлсіз аймақтары бойынша бірқатар ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру, оларды жұмыспен қамту, олардың бос уақыттарын тиімді пайдалану бойынша мәселелер қозғалып, оларды шешуде бірнеше ұсыныстар мен пікірлер талқыланды. Комиссия қорытындысына сәйкес көпшіліктің даусымен қабылданған ұсыныстар бойынша құзырлы органдарға тиісті хаттар жолданатын болады.