
24 қазанда бюджетке нақтылау енгізу мәселесі бойынша Орал қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Нақтылануы жоспарланған Орал қаласының бюджеті кірістер мен шығыстар бойынша теңдестіріліп, 1,0 млрд. теңге сомасына ұлғайту жоспарланды. Аталмыш қаражаттарды әлеуметтік маңызы бар қалалық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға бағыттау қарастырылады.