Орал қалалық мәслихаты төрағасының
шешімі
Орал қаласы №22 2025 жылғы 5 қыркүйек
Орал қалалық мәслихатының
22-кезектен тыс сессиясын
шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 және 19-баптарына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
Орал қалалық мәслихатының 22-кезектен тыс сессиясы қалалық әкімдіктің үлкен залында 2025 жылғы 12 қыркүйек күні сағат 11.00-де келесі күн тәртібімен шақырылсын:
1. Орал қаласы бойынша салық жинауды ұйымдастыру және Орал қаласының бюджетіне салық түсімдерін ұлғайту жолдары туралы.
2. Орал қаласының, кенттер мен ауылдық округтің 2025 жылға арналған бюджеттерін нақтылау туралы.
3. Басқа да сұрақтар.
Орал қалалық
мәслихатының төрағасы Е.Калиев