Құрметті Орал қаласының тұрғындары және қадірменді қонақтары!
Сіздерді Елордамыз — Астананың мерекесімен, 6 шілде — Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Астана — Тәуелсіздігіміздің нышаны, халқымыздың үміті мен сенімін арқалаған Қазақстанның жүрегі. Бүгінде ол — ел бірлігінің, жаңғыру мен жасампаздықтың жарқын үлгісіне айналды. Бұл мереке барша қазақстандықтарды ортақ мақсат пен ұлт болашағына деген сенім төңірегінде біріктіреді.
Қай кезеңде де елдің дамуында маңызды рөл атқаратын Орал қаласының тұрғындарына алғысымды білдіре отырып, сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, әр шаңыраққа амандық, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге сәттілік тілеймін!
Атаулы мереке — Астана күні құтты болсын! Еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Құрметпен,
Орал қалалық мәслихатының төрағасы Е. Қалиев