23-маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, Орал қаласының мемлекеттік қызметкерлері арасында шахматтан турнир өтті.

23-маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, Орал қаласының мемлекеттік қызметкерлері арасында шахматтан турнир өтті.

Орал қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 23-маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, Орал қаласының мемлекеттік қызметкерлері арасында ашық аспан астында, демалыс саябағының алаңында шахматтан турнир өтті. Турнирге мемлекеттік қызметкерлер, мәслихат депутаттары және Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.  «Senat Open» турнирінің аймақтық кезеңінде озып шыққан, облыс намысын қорғауға жолдама алған үздіктер де болды. Бұл — біздің қызметкерлердің тек кәсіби ғана емес, сонымен қатар зияткерлік тұрғыдан да мықты екенін дәлелдейді. Қатысушылар атынан ұйымдастырушыларға өз алғысымызды білдіреміз.