Құрметті Орал қаласының тұрғындары және қала қонақтары!
Сіздерді 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн — еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығын айшықтайтын, халқымыздың рухын, тарихын, ар-намысын бейнелейтін ерекше мереке.
Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – әрбір азамат үшін қасиетті құндылықтар.
Оларды қастерлеу – біздің ортақ парызымыз.
Баршаңызға амандық, бақ-береке тілейміз!
Мереке құтты болсын!