Орал қалалық мәслихатының кезектен тыс 20-шы сессиясы өтті

Орал қалалық мәслихатының кезектен тыс 20-шы сессиясы өтті

Орал қалалық мәслихатының кезектен тыс 20-шы сессиясында келесі сұрақтар қаралды:

  1. Орал қаласының, кенттер мен ауылдық округтің 2024 жылғы бюджеттерінің орындалуы туралы.
  2. Орал қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізу барысы туралы.
  3. Орал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі №5-3 «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Орал қаласы бойынша 2025-2026 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы.
  5. Орал қаласының «Жұлдыз» шағынауданы №11 көшеге «Мұхтар Әжіғұлов» атауын тағайындау туралы.
  6. Орал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы №1-8 «Орал қалалық мәслихатының нормативтік-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  7. Орал қалалық мәслихатының 2022 жылғы 18 қарашадағы №21-7 «Орал қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың  істері  және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Отырыс барысында көтерілген барлық мәселелер жан-жақты талқыланып, оларды шешу жолдары талқыланды. Қорытындысында нақты шешімдер қабылданып, жауапты органдарға іске асыру міндеттелді.