Орал қалалық мәслихатының экономика, бюджет және қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Күн тәртібінде — Орал қаласының, кенттер мен ауылдық округтердің 2024 жылғы бюджеттерінің орындалу барысы қаралды.
Отырысқа қалалық қаржы бөлімінің басшысы Ербол Едігеұлы Шүкірғалиев, сондай-ақ Зачаган, Круглоозерное және Деркул кенттерінің әкімдері мен өкілдері қатысып, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Бюджет қаржысының тиімді әрі мақсатты жұмсалуы — басты назарда.