
Ұлытау облыстық мәслихатына «Протонды қоса алғанда» зымыран тасығыштары құлаған жерлерден «гептилдің» қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына кері әсері туралы бастамашылық топтан (14 адам) түскен үндеуі негізінде, бүгін 4 қыркүйек күні қоғам өкілдері мен тиісті министірліктердін басшылық өкілдері қатысып жиналыс өтті.
«Байқоңыр» ғарыш айлағы қызметінің әсерінен өңірде онкологиялық аурулардың өсу себептерін зерделеу бойынша арнайы құрылған ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – комиссия) зерттеуі бойынша жүргізілген жұмыстарға қарамастан, тұрғындарда әлі де өткен жұмыстарға қатысты сұрақтар қалуда.
Осылайша, Бастамашыл топ 2022 жылдың 24 мамыры мен 26 мамыры аралығында «Инфракос» Шаруашылық жүргiзу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының зертханасы жүргізген зерттеулердің нәтижелеріне, сондай-ақ құрамында «гептилдің» халықтың денсаулығына әсер ететін және сәйкесінше өлімге әкелетін әртүрлі онкологиялық ауруларға әкелетін концентрациялар болуы анықталған алдыңғы зерттеулердің нәтижелеріне сілтеме жасап келген мамандармен мәселені талқылады.
Нәтижесінде мәслихат төрағасы мен бастамашыл топ өкілдері шақырылған мамандарға, мәселені үкімет үйінің қатысты министірліктері мен жауапты басшыларына толық жеткізуге тиісті ұсыныс берді.
Сонымен қатар арнайы құрылған әкімдіктің 21.10.22 No28/02 қаулысымен құрылған «Төтенше экологиялық жағдай аймағы немесе экологиялық апат аймағы деп жариялануға жататын аумақты (акваторияны) зерделеу жөніндегі комиссия» жұмыстарын әділ жүргізіп соңында дұрыс шешім шығаруды ұсынды.
Жиналысқа қатысқандар:
12. Шарабарин Леонид Геннадьевич, Люшков Виктор Сергеевич - Ғылыми-өндірістік бірлестігінің өкілдері.