«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!»

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!»

Елордада мемлекетіміздің жетекші қоғамдық-саяси күштері бірігіп, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалиция құрылды. Оның құрамына бес жетекші саяси партияның өкілдері мен миллиондаған азаматтардың мүддесін білдіретін 300-ден астам қоғамдық ұйым кірді.
Коалиция мүшелері өңірлерде түсіндіру жұмысын бастады.
Бүгін біз де облысымыздың коалициясы құрамына кірген Ұлытау облыстық «Ақжол» Демократиялық партиясының төрағасы Исин Әлібек Ерлікұлы, Ұлытау облыстық «Ауыл» партиясының төрағасы Жиенбаев
Абзал Бақытұлы, Ұлытау облыстық «Қазақстан Халық партиясы» төрағасы Бақырбаев Оразалы Базарұлымен бірлесіп
Жезқазған мыс балқыту зауыты ұжымымен кездесу өткізіп, референдум және Конституцияның жаңа жобасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Кездесуге 200-ден астам азаматтар мен азаматшалар қатысты.
Кездесу барысында референдумның маңызы, Конституцияның жаңа жобасындағы негізгі өзгерістер жан-жақты түсіндірілді. Қатысушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, ашық әрі мазмұнды пікір алмасу өтті.
Мұндай кездесулер азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге саналы түрде қатысуына мүмкіндік береді деп сенемін.
Баршаңызды алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырамын!