Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты В.А.Ставицкая Жезқазған қаласына қарасты Кеңгір селосында салынып жатқан 1 қабатты Дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстарының бүгінгі күнгі деңгейін барып көрді

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалысы бойынша ағымдағы жылдың 24 қазан күні Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты В.А.Ставицкая Жезқазған қаласына қарасты Кеңгір селосында салынып жатқан 1 қабатты Дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстарының бүгінгі күнгі деңгейін барып көрді. Кеңгір селосының әкімі Р.Ш.Есмағанбетов жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы ақпарат берді.

Аталған нысанның сыртқы жұмыстары аяқталып, қоршауы тұрғызылған. Қазіргі уақытта ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, жақын уақытта медициналық құрал-жабдықтар келеді деп күтілуде. Село әкімінің айтуынша, нысан ағымдағы жылдың желтоқсан айында қолданысқа беріледі.