
2025 жылдың 29 қазанында «Ұлытау облысында мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуы туралы» Ұлытау облыстық мәслихатының тұрақты комиссия отырысы өткізілді.
Жоғарыда көрсетілген мәселе бойынша жиналысқа Ұлытау, Жаңаарқа аудандары, Қаражал қаласының әкім орынбасарлары және ішкі саясат бөлімдерінің басшылары сонымен қатар жастар ресурстық орталықтарының директоралары бейнеконференцбайланыс арқылы, Жезқазған, Сәтбаев қалалары келіп қатысты.
Осы мәселе бойынша Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары – Күмісходжаев Ербол Серікбайұлы және Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры - Қайратов Сәкен Қайратұлы баяндама жасады.