
Құрметті Отандастар!
Сіздерді Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн — мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің, елдігіміздің нышаны.
Егемен еліміздің әрбір азаматының жүрегінде Отанға деген мақтаныш, сүйіспеншілік пен сенім ұяласын.
Тәуелсіз еліміздің көк туы мәңгі биікте желбірей берсін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Баршаңызға бейбіт өмір, мол табыс және жаңа жетістіктер тілеймін!
Құрметпен,
Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Б.Шыңғысов