2025 жылғы 10 қазан күні Ұлытау облыстық мәслихатының экономикалық даму, бюджет, қаржы, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы В.А. Ставицкаяның төрағалығымен және Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Д.М. Арынғазиннің қатысуымен комиссия отырысы өтті.

2025 жылғы 10 қазан күні Ұлытау облыстық мәслихатының экономикалық даму, бюджет, қаржы, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы В.А. Ставицкаяның төрағалығымен және Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Д.М. Арынғазиннің қатысуымен комиссия отырысы өтті.

2025 жылғы 10 қазан күні Ұлытау облыстық мәслихатының экономикалық даму, бюджет, қаржы, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы В.А. Ставицкаяның төрағалығымен және Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Д.М. Арынғазиннің қатысуымен комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды:

  • Ұлытау облысында кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселесі;
  • Ұлытау облысындағы туризмнің жай-күйі мен даму перспективалары.

Басқарма басшысы Д.М. Арынғазин Ұлытау облысында шағын және орта бизнесті дамыту және кәсіпкерлік пен туризм салаларындағы жаңа жобаларды іске асыру перспективалары туралы баяндады:

Соңғы екі жылда жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау аясында «Даму» қоры және екінші деңгейлі банктер арқылы жалпы құны 20 млрд теңгеден астам болатын 600-ге жуық жоба қаржыландырылған.

Туристік ағынның жыл сайын өсуіне байланысты жаңа қонақ үйлер салу қажеттілігі туындауда.

Ағымдағы жылы жалпы құны 1,9 млрд теңге болатын үш қонақ үйдің пайдалануға берілуі жоспарлануда:

  • Жезқазған қаласында – «Вояж» қонақ үйі,
  • Жезқазған–Қызылорда трассасында – кәсіпкер Дильдебаевтың жол бойындағы сервис нысаны,
  • Ұлытау ауданында – кәсіпкер Бабатаеваның қонақ үйі мен асханалық кешені.

Алғаш рет «Ұлы Дала самалы мен дәмі» республикалық (жел және гастрономиялық) фестивальдері мен белсенді туризмді ілгерілетуге бағытталған халықаралық «Даланың энергиясы» джип-турлары өткізілді.

Туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында Сәтбаев қаласынан «Жошы хан» кешеніне дейінгі автомобиль жолының құрылысы жүргізілуде, сондай-ақ жеке инвестициялар есебінен Тасбұлақ аумағы абаттандырылған.

Ұлытау облысының туристік әлеуетін таныту үшін Scat Airlines әуе компаниясының борттарында облыс туралы буклеттер орналастырылған (жылдық аудиториясы — 200 мыңнан астам жолаушы).

Отырыс барысында шағын және орта бизнес субъектілеріне қаржылай қолдау көрсету және бар проблемалар талқыланды.

Отырыстың қорытындысы бойынша Қаулы қабылданып, оның орындалуын бақылау комиссия мүшелеріне жүктелді.