«30 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Әділет органдары қызметкерлерінің күні»

«30 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Әділет органдары қызметкерлерінің күні»

Айнагүл Бақытқызы өзінің еңбек жолында 30 жылдай мемлекеттік қызметте еңбек атқарып келеді. Ұлытау облысы құрылғалы бері, «Ұлытау облыстық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы болып қызмет атқарады, аталған қызметте Айнагүл Бақытқызының негізі міндеттері Ұлытау облыстық  мәслихаты  депутаттарына өкілеттіліктерін іске асыруға  құқықтық көмек көрсетеді, Ұлытау облыстық мәслихатының  нормативтік құқықтық сипаттағы шешімдерін Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес  дайындап МОИП  арқылы электрондық  әділет органына мемлекеттік  тіркеуге жіберді,  құқықтық мониторинг объектісіне қатысты ақпарат жинайды.

Еңбек жолындағы бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктерін ескере отырып, ағымдағы жылдың «30 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Әділет органдары қызметкерлерінің күні» мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Жақсылықұлы Сарсембаев Жезқазған қаласына келген жұмыс сапарында Айнагүл Бақытқызына өз қолымен Құрмет Грамотасын тапсырды.

                Мемлекеттік қызметтегі жоғары деңгейдегі марапатқа ие болып жатқан Айнагүл Бақытқызын Ұлытау облыстық мәслихаты ұжымы да Құттықтап, алдағы уақытта да тек абырой биігінен көрініп жүре беріңіз деген тілегімізді арнаймыз!

                Айнагүл Бақытқызы, еңбегіңіз еленіп, елдің қолдауына ие болып жүре беріңіз! Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, алдағы уақытта да алар асуларыңыз көп болсын деп! Біз сізді мақтан тұтамыз!