Сенаторлар Серік Шайдаров , Советбек Медебаев Жезқазған темір жол вокзалының қайта жаңғырту жобасымен танысты

Сенаторлар Серік  Шайдаров , Советбек  Медебаев Жезқазған темір жол вокзалының қайта жаңғырту жобасымен танысты
Ұлытау өңіріндегі маңызды инфрақұрылым жобалары сенаторлар назарында
Сенаторлар Серік Шайдаров , Советбек Медебаев Жезқазған темір жол вокзалының қайта жаңғырту жобасымен танысты. Құрылыс екі кезеңде жүзеге асады: қолданыстағы ғимаратқа қосымша құрылыс салынып, вокзал толық жөндеуден өтеді және екінші қабат тұрғызылады. Қазір аумақ қоршалып, электр желілерін көшіру жұмыстары жүріп жатыр, алдағы күндері қазба жұмыстары басталады. Жоба мердігері — BCN Group, олар аванс ретінде 15% төлем алды.
Сапар барысында жоба сызбасында қауіпсіз жаяу өткелдің қарастырылмағаны анықталып, бұл мәселені түзету қажеттілігі айтылды.
Келесі нысан – Жезқазған–Қызылорда бағытындағы автожол. Қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстары жүріп жатқан жолдың бірнеше учаскесін аралаған сенаторлар мердігер ұйым өкілдерімен және сала басшыларымен жол сапасы, материал сапасы және жұмыс кестесінің орындалуы бойынша пікір алмасты.
Сапар соңында делегация Ұлытау ауданына қарасты Мибұлақ ауылында жергілікті халықпен кездесті. Тұрғындар әлеуметтік-тұрмыстық жағдай, соның ішінде жол мәселесін көтерді.