Ұлытау облысына Сенаторлардың жұмыс сапары
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Серік Шайдаров пен Советбек Медебаев Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді. Делегацияны менімен бірге депутат Николай Распопов қарсы алды.
Сапар аясында өңірдегі инфрақұрылымдық нысандар қаралды:
• Энергетика және жылумен қамту: Сәтбаев қаласындағы "Kazakhmys Distribution" ЖШС №1 жылу станциясы, III көтерілім сорғы станциясы және №1 магистралды жылу желісі жаңғыртылуда.
• Ауыз су: "Уйтас-Айдос" су тарту қондырғысының II көтерілім сорғы станциясы мен Жезқазған ХПОС-на дейінгі су құбыры құрылысын тексеру.
• Қысқы маусымға дайындық: Жезқазғандағы "Kazakhmys Energy" ЖЭО-ның жылыту маусымына дайындығы пысықталды.
• Сумен жабдықтау және экология: Жезқазғанның су тазарту құрылыстары мен Кеңгір су қоймасындағы жұмыстарға назар аударылды.
Мекеме және басқарма басшылары әр нысанда атқарылып жатқан жұмыстар туралы толық ақпарат беріп, туындаған мәселелер мен алдағы жоспарлармен бөлісті.
Бұл жұмыс сапары өңірдегі маңызды инфрақұрылым объектілерінің техникалық және функционалдық жай-күйін бағалауға,
Бұл жұмыс сапары өңірдегі маңызды инфрақұрылым объектілерінің техникалық және функционалдық жай-күйін бағалауға, сонымен қатар орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылын күшейтуге бағытталды.