«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9 бабына сәйкес қоғамдық кеңестерді мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдері және конкурстық негізде коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың өкілдері қатарынан жұмыс тобы қалыптастырады.
2025 жылдың 26 маусымда сағат 15.00де Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Б.К.Шингисовтың төрағалығымен бірінші отырыс өтті, онда жұмыс тобына кіретін кандидаттардан келіп түскен құжаттар қаралып, жұмыс тобының мүшелері мен жетекшісі сайланды.
Конкурстық негізде ашық дауыс беру арқылы жұмыс тобына азаматтық
сектордың 5 өкілі кірді.
Мемлекеттік органдардан жұмыс тобының құрамына енгізу үшін 2 адам
ұсынылды.
Жұмыс тобының жетекшісі болып Гулбану Орынбасарқызы Сейтжанова сайланды. Жұмыс тобының шешімімен Ұлытау облысының Қоғамдық кеңесінің құрамының мүшелер саны Ұлытау облысы тұрғындарының жалпы санына байланысты 17 адам болып айқындалды. Отырысқа үш байқаушы қатысты.
Алдағы уақытта Ұлытау облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырыстары да «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның талаптарына сәйкес өткізілетін болады.