Аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма екінші сессия отырысы өтті

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма екінші сессия отырысы өтті
Бүгін, ағымдағы жылдың 5 мамыр күні аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдиннің төрағалық етуімен аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма екінші сессиясы өтті.
Сессия отырысына аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Арыстанов, тиісті мекеме басшылары мен БАҚ өкілі оффлайн режимінде және ауылдық округ әкімдері зум платформасы арқылы онлайн режимінде қатысты.
Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралып, талқыланды:
​1. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 тамыздағы № 76 «Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
​2. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 6 мамырдағы № 137 «Ойыл ауданында мүгедектігі бар адамдар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
​Хабарламашы: С.Т.Дәулетқалиев - Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы;
​3. Аудандық жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы;
Хабарламашы: М.Төремұратов – аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы;
​4. № 9 бірмандатты сайлау округі бойынша Ойыл аудандық мәслихатының депутаты С.Қабдығалиұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы
​Хабарламашы: Б.Т.Бисекенов – Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы;
​5. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №107 «Ойыл ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
​Хабарламашы: А.Ж.Мусин – аудандық мәслихат аппаратының бөлім басшысы;
​6. Аудандық мәслихат депутаты С.Саматұлының депутаттық сауалы туралы
​Хабарламашы: С.Саматұлы - аудандық мәслихат депутаты;
​7. Аудандық мәслихат депутаты Т.И.Амировтың депутаттық сауалы туралы
​Хабарламашы: Т.И.Амиров - аудандық мәслихат депутаты.
Күн тәртібіндегі аталған мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлер тыңдалып, депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті шешімдер қабылданды.