Ағымдағы жылдың 22 сәуірі күні Сарбие ауылында “Ауылдық округ әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы, облыстық мәслихат қағидаларының және аудандық мәслихат шешімдерінің округте орындалуы туралы” тұрақты комиссиялардың бірлескен көшпелі отырысы өтті.
Отырыста ауылдық округ әкімі Әсет Кереевтің хабарламасы тыңдалып, талқыланды.
Көшпелі отырысқа аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин, әлеуметтік-экономикалық
даму, бюджет, халықты әлеуметтік қорғау және
аграрлық сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Еркін Жиеналин, аудандық мәслихат депутаттары Жангүл Изгарина мен Сайран Саматұлы қатысты.
Тұрғындардың тарапынан мал бағу, Ойыл-Сарбие арасындағы жол мәселесі, каңғыбас мысықтардың көптігі мәселелері көтерілді. Барлық түскен ұсыныс-пікірлер назарға алынып, шешу жолдары атқарушы органмен бірлескен түрде қаралатындығы жеткізілді.
Көшпелі отырыстан соң, “Amanat” партиясынан сайланған депутаттар ауыл тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдап, заңдылығы аясында түсінік беріп өтті.
Сонымен қатар әлеуметтік нысандардың жұмыс барысымен танысып, ауыл шетіндегі қоқыс полигонының қазіргі жәй-күйі қаралды.
Ауыл үлкендері Бейбіт Тленбаева мен Қайша Досниязоваларға амандаса барып, қал-жағдайларын сұрасты.