10 сәуір күні облыстық мәслихатта алдағы жұмыс жоспарын талқылауға арналған жиын өтті. Оған қалалық, аудандық мәслихат төрағалары арнайы шақырылды. Басқосуда облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева 3-4 сәуір күні Астанада өткен ҚР Сенат жанындағы Мәслихаттармен өзара бірлескен іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысында көтерілген өзекті мәселелер бойынша ақпарат берді.