Аудандық мәслихат төрағасының Ораза Айт мерекесімен құттықтауы

Аудандық мәслихат төрағасының Ораза Айт мерекесімен құттықтауы

Ораза Айт қабыл болсын – мереке құтты болсын!

Бүгін 30 күн ораза ұстаған барша мұсылманның Ораза Айт мерекесі. Ислам күнтізбесі бойынша Шәууәл айының алғашқы күніне тура келетін бұл мереке 30 күн бойы ораза ұстаған мұсылманның игілік пен бақыт, рахымға жеткенінің бейнесі іспетті аталып өтіледі. Сондай-ақ, бұл мұсылмандар үшін ораза ұстауға тыйым салынған күн.
Мерекеге орай Сіздерді ораза айт күнімен құттықтаймын! Ұстаған оразаларыңызбен тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!

Ойыл аудандық мәслихатының төрағасы СӘКЕН ЗАЙМОЛДИН