28 наурыз күні аудандық мәслихат төрағасы, N2 сайлау округінің депутаты Сәкен Займолдин жұмыс сапарымен Ойыл ауылдық округіне қарасты Қаракемер және Ақшатау ауылдарында болды.
Жұмыс сапары барысында:
Ауыл қарияларының шаңырақтарында болып, қал-жағдайларын сұрасып барды.
Ақшатау орта мектебінде ұзақ жылдар ұстаздық қызметте болған Светлана Ақмырзақызын 70 жасқа толу мерейтойымен құттықтады.
Ауыл тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады. Өтініштер легі: тұрақты жұмысқа орналасу, ақылы қоғамдық жұмысқа орналасу мәселелері болды. Барлық өтініштер назарға алынып, заңдылығына сәйкес түсінік берілді.
Сонымен шаруа қожалықтары мен әлеуметтік нысандарының жұмыс барысын қарап, ауылдың санитарлық тазалығы, жасыл екпелерді егу мәселелері айтылып, Ойыл орман шаруашылығымен келісе отырып, Ақшатау мен Қаракемер ауылдарына қарағай ағаштарынан алынып берілетін болды.