Ағымдағы жылдың 12 ақпан күні аудандық мәслихат төрағасы, N2 сайлау округінің депутаты Сәкен Займолдин мен аудандық қоғамдық Кеңес төрағасы Марат Арыстанов Ойыл ауылдық округіне қарасты Қаракемер және Ақшатау ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, жеке сұрақтарымен қабылдады. Өтініштер легі: жұмысқа орналасуға ықпал ету, тұрғын үй және ауыл көшелерін жарықтандыру мәселелері болды. Барлық түскен өтініштерге заңдылығы аясында түсінік берілді.
Сонымен қатар ұзақ жылдар ауыл шаруашылығы саласында қызмет етіп зейнеткерлікке шығып жатырған Қаракемер ауылының тұрғыны Жайлыбаев Ануар Сайынұлын зейнеткерлікке шығу 63 жасымен құттықтап, сый-құрметін көрсетті.