Ағымдағы жылдың 20 қаңтар күні аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин, аудандық мәслихат депутаты Еркін Жиеналин, аудан әкімінің орынбасары Саян Сүлеймен және аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Арыстанов аудан орталығындағы бірқатар мекемелер мен әлеуметтік нысандарға депутаттық бақылау жүргізді.
1. Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен бөлімге қарасты мекемелер:
- Үйде әлеуметтік көмек көрсету орталығы;
- Қамқор отбасын қолдау орталығы;
2. Ойыл ауданының Мансап орталығы;
3. Ойыл аудандық төтенше жағдайлар бөлімі;
4. Ойыл аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашық бөлімі.
Депутаттық ақылау барысында аудандық мәслихат депутаттары мекемелердің материалдық – техникалық базасымен танысты. Сонымен қатар қызметкерлердің ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Бақылау нәтижесінде халық арасында өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелері назарға алынды.